
Монреаль, 2025 жылғы 1 желтоқсан – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының (ИКАО) Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО Аэронавигациялық бюросы директорының аэронавигация және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі орынбасары Паскаль Люсиани мырзамен кездесті.
Кездесу барысында Тараптар Қазақстан мен ИКАО арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюі перспективаларын, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстанның бұл бағыттардағы айтарлықтай жетістіктері атап өтілді.
Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті.