Монреальде шорт-тректен Әлемдік тур өтіп жатыр

Монреальде шорт-тректен Әлемдік тур өтіп жатыр

Монреаль, 2025 жылғы 13 қазан. Монреаль қаласындағы Морис Ришар аренасында шорт-тректен Әлемдік тур өтуде. Бұл жарысқа Kazakh Nomads Қазақстан командасы, сондай-ақ АҚШ, Бразилия, Германия, Жапония, Мажарстан, Испания, Италия, Канада, Корея Республикасы, Қытай, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Чехия, Швейцария, және басқа да 35-тен астам елдің спортшылары қатысуда.

ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Kazakh Nomads командасына жанкүйерлік қолдау көрсетіп, спортшылармен кездесіп, оларға қолдау сөздері мен әлемдік деңгейде табысты өнер көрсетуге тілек білдірді.