
2025 жылғы 25 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері. ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО Әуе навигация бюросының директоры Мишель Меркель ханыммен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды.
Қазақстан тарапы Мишель Меркель ханымды 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған «Azerbaijan Airlines» әуе кемесінің апатын тергеу барысымен таныстырды, сондай-ақ ИКАО-ның тәуелсіз сарапшысы Тормодур Тормодссон мырзаны жібергені үшін алғысын білдірді.
Тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға уағдаласты.
Келіссөздер достық және сенім атмосферасында өтті.