Біріккен Корольдіктің азаматтық авиация билігі басшылығымен кездесу өтті

Біріккен Корольдіктің азаматтық авиация  билігі басшылығымен кездесу өтті

2025 жылғы 25 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Біріккен Корольдіктің делегациясын басқарған Ұлыбритания Азаматтық авиация басқармасының (CAA UK) бас директоры Ранния Леонтариди ханыммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру және «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану мәселелерін талқылады.

Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%, авиациялық қауіпсіздік бойынша – 83% құрайды.

Салтанат Томпиева ханым Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы әріптестікті жоғары бағалайтынын және азаматтық авиация саласындағы жаңа бірлескен бастамаларға ашық екенін атап өтті.