Ұшу қауіпсіздігі қорының Президентімен кездесу

Ұшу қауіпсіздігі қорының Президентімен кездесу

2025 жылғы 24 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Ұшу қауіпсіздігі қорының (Flight Safety Foundation) Президенті және бас атқарушы директоры Хассан Шахиди мырзамен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру, халықаралық стандарттарды іске асыру және азаматтық авиация саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында Қазақстан мен аталған Қор арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға өзара қызығушылық білдірілді.

Анықтама: Ұшу қауіпсіздігі қоры (Flight Safety Foundation) – 1947 жылы құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым. Қор ұшу қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибелер мен стандарттарды ілгерілетуге, авиациялық оқиғаларды талдауға және тәуекелдерді азайту мақсатында білім мен тәжірибені таратуға бағытталған қызмет атқарады.