АҚШ FAA әкімшісінің орынбасарымен кездесу

АҚШ FAA әкімшісінің орынбасарымен кездесу

2025 жылғы 25 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) әкімшісінің орынбасары Крис Рошело мырзамен кездесті.

Кездесуде ұшу қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру шаралары, сондай-ақ Қазақстанда алдағы FAA IASA аудитіне дайындық және АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашуға мүмкіндік беретін 1-санатқа (Category 1) қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Салтанат Томпиева FAA-мен серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, оның үздік халықаралық тәжірибелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты.

Крис Рошело еліміздің азаматтық авиация саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, техникалық реттеу мен ИКАО стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету бағыттарында бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.

Кездесу барысында екі елдің авиациялық билік өкілдері кадрлық әлеуетті дамыту, соның ішінде инспекторлар мен авиациялық оқиғаларды тергеу мамандары үшін оқыту және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтастықтың мәселелерін қарастырды.

Келіссөздер достық және өзара сенім атмосферасында өтті.