Катар авиация билігі басшылығымен кездесу өтті

Катар авиация билігі басшылығымен кездесу өтті

2025 жылғы 21 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының делегациясы – Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, делегация басшысы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Қатар Мемлекетінің делегациясын басқарған Азаматтық авиация басқармасының басшысы Мұхаммед бен Фалех әл-Хаджри мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады. Ұшулар қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, кадрларды даярлау және екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін арттыру салаларында өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірілді. Қатар тарапы әуе қатынасы туралы үкіметаралық екіжақты келісімге қол қоюға дайын екенін растады.

Тараптар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Қатар Араб азаматтық авиация ұйымынан (ACAO) ИКАО Кеңесінің III тобына (географиялық қағидат бойынша сайланатын елдер) үміткер ел.

Келіссөздер достық және өзара сенім жағдайында өтті.