ИКАО жанындағы Белиздің Тұрақты өкілімен кездесу өтті

ИКАО жанындағы Белиздің Тұрақты өкілімен кездесу өтті

2025 жылғы 17 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Ұйым штаб-пәтеріндегі Қазақстанның Тұрақты өкілдігіне ізеттілік сапармен келген ИКАО жанындағы Белиздің жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Кеннеди Каррильо ханыммен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Белиздің Ұйым алаңындағы ынтымақтастығының болашағы талқыланды. Атап айтқанда, Тараптар 2025 жылғы 23 қыркүйек – 3 қазан аралығында Монреаль қаласында өтетін ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясына дайындық пен ИКАО алаңында өзара қолдау мәселелерін қарастырды.

Белиз алғаш рет ИКАО Кеңесінің III тобына (географиялық қағидатпен сайланатын мемлекеттер) Орталық Америка ротациялық тобынан атынан Эль Сальвадордың орнына үміткер болып отырғанын атап өткен жөн.

Кездесу достық және сенімді ахуалда өтті