ИКАО жанындағы Ресей Федерациясының Өкілімен кездесу өтті

ИКАО жанындағы Ресей Федерациясының Өкілімен кездесу өтті

2025 жылғы 17 қыркүйек, Монреаль. Ресей тарапының бастамасымен Ұйым штаб-пәтеріндегі Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО жанындағы Ресей Федерациясының өкілі Александр Баталов мырзамен кездесті. өтті.

Кездесу барысында Тараптар 2025 жылғы 23 қыркүйек – 3 қазанда Монреальде өтетін ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясына дайындық, сондай-ақ қос елдің жұмыс құжаттарын өзара қолдау сұрақтарын қосқанда Қазақстан мен Ресейдің азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелер қарастырды.

Ресей Федерациясы ИКАО Кеңесінің I тобына (азаматтық авиация саласындағы жетекші мемлекеттер) кандидат болып отырғанын атап өту қажет.

Келіссөздер достық және сенімді ахуалда өтті.