Польшаның Өкілімен кездесу өтті

Польшаның Өкілімен кездесу өтті

2025 жылғы 16 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Ұйым штаб-пәтеріндегі Қазақстанның Тұрақты өкілдігіне ізеттілік сапармен келген Польша Республикасы Азаматтық авиация басқармасының Әуе көлік мәселелері бойынша вице-президенті, ИКАО жанындағы Польша Тұрақты өкілінің орынбасары Матеуш Бачковский мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастығы жөніндегі өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Тараптар 2025 жылғы 23 қыркүйек – 3 қазан аралығында Монреаль қаласында өтетін ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясына дайындық, Қазақстан мен Польшаның жұмыс құжаттарын өзара қолдау, сондай-ақ қос ел арасындағы тікелей әуе рейстер географиясын кеңейту мүмкіндіктері бойынша мәселелері талқылады.

Польша Республикасы ИКАО Кеңесінің III тобына (географиялық қағидатпен сайланатын мемлекеттер) Орталық Еуропаның ротациялық тобынан Румынияның орнына үміткер болып отыр.

Келіссөздер достық және сенімді ахуалда өтті.