"KazAID "Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері:
-Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалардың дизайнын әзірлеу;
- жергілікті және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу;
- жобаларды сүйемелдеу, бақылау, іске асырылуын мониторингілеу және жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу;
- қажетті жобалық құжаттаманы дайындау;
- серіктес елдердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін), магистратура артықшылықта.
- Жұмыс тәжірибесі - 2 жыл.
- Жобаларды басқарудағы тәжірибе міндетті болып табылады.
- Жобалар бюджетімен жұмыс істеу дағдылары мен мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі құпталады.
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті.
- Шет тілдерін білу құпталады.
Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 20 мамыр.
Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz