KazAID ЖОБА МЕНЕДЖЕРЛЕРІ 

KazAID ЖОБА МЕНЕДЖЕРЛЕРІ 

KazAID ЖОБА МЕНЕДЖЕРЛЕРІ 

Бүгін сіздерді KazAID серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің жоба менеджері Назгүл Шариповамен таныстырамыз! 

Назгүл – Назарбаев Университетінің түлегі. Ол мемлекеттік саясат бойынша магистратураны және саясаттану мен халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавриатты үздік бітірген. Магистрлік оқу аясында Сингапурдағы Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінде оқып, Сингапурдың түрлі салаларға деген көзқарасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. 

Оның кәсіби дамуының маңызды кезеңдерінің бірі — Оңтүстік Корея Республикасындағы KOICA кеңсесінде өткен тағылымдама. Мұнда Назгүл Оңтүстік Кореяның дамуға ресми көмегі (ДРК) бойынша тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, ол EY Бизнес академиясында жобаларды басқару бойынша оқудан өтті. 

Жоба менеджері ретінде Назгүл келесі бағыттарды үйлестіреді:
✅ Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка бағыттары
✅ “Авиценна: Денсаулық сақтау” бағдарламасы
✅ “Достық: Цифрландыру” бағдарламасы (2024)

Назгүл қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, ал француз тілі деңгейі — А2. Оның аналитикалық және креативті қабілеттері стратегиялық ойлауды визуалды және коммуникативтік тәсілмен шебер үйлестіруге мүмкіндік береді. 

Назгүлдің өмірлік ұстанымы:
«Жасамай, өкінгеннен гөрі – жасап, өкінген жақсы »

KazAID осындай жан-жақты және жарқын мамандарымен мақтанады!