KazAID Филиппиндегі БҰҰ конференциясында: жаһандық сын-қатерлер мен даму
2025 жылғы 28-29 сәуір аралығында KazAID төрағасы А.Арыстанов Филиппин Республикасында, Манила қаласында өткен "Жаңа көкжиектерді ашу: табысы орташа елдер үшін стратегиялық іс-қимыл жоспары" тақырыбында табысы орташа елдердің жоғары деңгейдегі конференциясына қатысты.
Конференцияны Филиппин Республикасы Үкіметі БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (ЭСКАТО), БҰҰ Даму бағдарламасымен (ПРООН) және БҰҰ-ның Даму қызметін үйлестіру басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жаһандық сын-қатерлердің орта табысты елдердің тұрақты дамуына әсерін талқылау және Стратегиялық іс-қимыл жоспарын әзірлеу бойынша нақты ұсыныстар дайындау болды.
Талқылауларға үкімет өкілдері, қаржы және банк мекемелері, БҰҰ даму жүйесінің құрылымдары және жеке сектордың өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, конференция аясында А.Арыстанов БҰҰ-ның оңтүстік-оңтүстік ынтымақтастық басқармасының директоры Д. Ал-Хатибпен екіжақты кездесу өткізді, оның барысында оңтүстік-оңтүстік ынтымақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, Филиппин Республикасының төрағалығымен орташа табысы бар елдер тобы (like-Minded Group — LMG-MICs) Макати Декларациясын қабылдады.KazAID-тың бұл шараға қатысуы аймақтық серіктес агенттіктермен ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық аренада Қазақстанның ресми даму көмегі саласындағы ұстанымын таныстыруға мүмкіндік берді.