KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ 

KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ 

KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ 

Бүгін біз сіздерді KazAID-тің серіктестік және өңірлік жобалар департаментінің жобалық менеджері — Түлкібаев Тлекпен таныстырғымыз келеді! 💼

Тлек — Ресей СІМ жанындағы беделді МГИМО университетінің түлегі. Ол бұл жерде дипломатия мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, кейінірек «Әлемдік аграрлық нарықтар» бағыты бойынша магистр дәрежесін алды. Өз жолын ол С. Демирел атындағы колледжді «Аударма ісі» мамандығы бойынша үздік бітіріп бастаған. 

KazAID жобалық менеджері ретінде Тлек бірқатар маңызды бастамаларды үйлестіреді. Атап айтқанда:
✅ Таяу Шығыс, Оңтүстік Кавказ, Қырғыз Республикасы және Ауғанстан бағыттарын қадағалайды
✅ Өңірлік және халықаралық серіктестермен, соның ішінде гуманитарлық көмек саласындағы ынтымақтастықты үйлестіреді
✅ Халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға қатысады

Тлек бірнеше тілде еркін сөйлейді: қазақ және орыс тілдері — еркін, ағылшын тілі — еркін, неміс тілі — B1 деңгейінде, француз тілі — А2. 

Тлек KazAID-тің дамуына зор үлес қосып келеді. Осындай білікті мамандардың біздің қатарымызда болғанына қуаныштымыз! 

Өмірлік ұстанымы:
«Әр тапсырманы ең жақсы нәтижеге жеткізуге ұмтыл!»