KazAID және Ислам Даму Банкінің (IsDB) кездесуі
2025 жылғы 23 сәуір, Астана қ., «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы А.Арыстанов Ислам даму банкінің (IsDB) өкілі Ф.Мехмуд мырзамен оның Қазақстанға сапары аясында кездесті.
Кездесу барысында Мехмуд мырза Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығын және ұйымға мүше елдер арасындағы үшжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған ұйымның механизмдері мен құралдары туралы ақпарат берді. Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық аясында негізгі назар мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамушы елдерге қаржылық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты дамуға қол жеткізу үшін IsDB-дің мүше елдермен тәжірибе және білім алмасу бойынша бірлесіп ынтымақтасуға келісті.
Анықтама үшін: Ислам даму банкі (IsDB) 1975 жылы құрылған халықаралық қаржы институты. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабияның Джидда қаласында орналасқан. Банктің мақсаты даму және инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы Ұйымға мүше елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуына қолдау көрсету болып табылады.
Қазақстан 1995 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына кіргеннен кейін Ислам даму банкіне мүше болды.