«АВИЦЕННА: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРІНШІ ТОБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

«АВИЦЕННА: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРІНШІ ТОБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

«АВИЦЕННА: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРІНШІ ТОБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

2025 жылғы 22 сәуір, Астана қ. – KazAID агенттігі жүзеге асыратын «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасының бірінші ағымының қатысушыларына салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Сертификаттарды KazAID төрағасы Аркен Арыстанов және Қазақстандағы Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің (TIKA) үйлестірушісі Фуат Ердоғмуш табыстады.

«Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы Орталық Азия елдерінің медициналық жоғары оқу орындарының студенттерін Қазақстанда оқытуға бағытталған. Алғашқы топ Қырғызстаннан келген студенттер үшін ұйымдастырылып, олар Астана медицина университетінде теориялық және практикалық білім алып, қазақстандық студенттермен тәжірибе алмасты.

Бағдарлама негізгі медициналық бағыттар бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарды, сондай-ақ Қазақстан астанасының көрнекті орындарына экскурсиялармен толықтырылған мәдени бағдарламаны қамтыды.

Оқыту KazAID грантының арқасында қатысушыларға тегін ұсынылды.

Қазақстан, медициналық білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибесімен, өңірлік ынтымақтастықты нығайта отырып, болашақ мамандармен өз білімін және тәжірибесін бөлісуді мақсат етеді.