KazAID " Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумында

KazAID " Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумында

KazAID " Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумында

2025 жылғы 10-11 сәуір, Тараз қ. - Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында, Ұлттық волонтерлер желісі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған "Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумына KazAID қатысты.

Форумның мақсаты - тәжірибе алмасу және волонтерлік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 70-тен астам өкіл қатысты

Онлайн-баяндамада ҚР МАМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Г. Б. Сұлтанова халықаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. ХТУ ректоры, профессор М. Н.Сарыбеков жастар саясаты саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, ҚР Президентінің бастамасымен 2026 жыл БҰҰ-ның Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланғанын еске салды.

 

📌KazAID-ті форумда жоба менеджері А. К. Түймебекова таныстырды, ол панельдік сессия шеңберінде агенттіктің тұрақты және инклюзивті дамуға бағытталған бағдарламалары туралы, сондай-ақ 2024 жылғы ақпанда қол қойылған меморандум шеңберінде ҰЕЖ-пен ынтымақтастық туралы айтты.

Форум соңында қатысушылар достық белгісі ретінде ХТУ-ға ағаштар отырғызды, сондай-ақ Тараз қаласына экскурсия жасады, онда волонтерлер ескерткішіне, ежелгі Тараз мұражайына, Тектұрмасқа, Айша-бибі мен Қарахан кесенелеріне және қаланың басқа да көрікті жерлеріне барды.