
“KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды, атап айтқанда:
* Әріптестік және аймақтық жобалар департаментінің Бас менеджері - 1 адам. Функционалдық міндеттері: Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалардың дизайнын әзірлеу; жергілікті және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу; жобаларды сүйемелдеу, бақылау, іске асырылуын мониторингілеу және жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу; қажетті жобалық құжаттаманы дайындау; серіктес елдердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін), магистратура артықшылықта. Жұмыс тәжірибесі - 3 жыл. Жобаларды басқарудағы тәжірибе міндетті болып табылады. Жобалар бюджетімен жұмыс істеу дағдылары мен мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі құпталады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті. Шет тілдерін білу құпталады.
Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 25 сәуір.
Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz