«KazAID» Мониторинг және әкімшілік департаментінің Бас менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID»  Мониторинг және әкімшілік департаментінің Бас менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Мониторинг және әкімшілік департаментінің Бас менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Міндеті: мектеп құрылысының барысын бақылау. Іссапарға дайындық, түрік тілін білу құпталады.

Еңбек жағдайлары: Жалақы, сыйлықақылар, сауықтыру жәрдемақысы. Келісімшарт мерзімі 2026 жылдың 1 маусымына дейін. Қоса атқарылатын жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Біліктілік талаптары:

жоғары білім - құрылыс, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс;

тапсырыс берушінің өкілі ретінде жұмыс тәжірибесі;

құрылыс саласындағы техникалық аспектілерді білу, оның ішінде құрылыс нормалары мен ережелері, материалдары, құрылыс әдістері, инженерлік жүйелер және т.б.

 

Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың аяқталуы – 2025 жылғы 20 сәуір.

Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz