KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ - АЙНҰР

KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ - АЙНҰР

KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ

Бүгін біз жоба менеджері Түймебекова Айнұр – халықаралық даму және ынтымақтастық саласындағы кәсіби маман туралы айтамыз!

Айнұр "Болашақ" бағдарламасы бойынша Duke University (АҚШ) халықаралық даму саясаты магистрі және КИМЭП (Қазақстан) халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды. Ол сонымен қатар лингвистика бойынша бакалавр дәрежесіне ие.

Айнұр бұған дейін ҚР СІМ мен БҰҰ (БҰҰДБ) жүйесінде жұмыс істеген және ЭЫДҰ-да тағылымдамадан өткен. Қазір ол KazAID серіктестік және өңірлік жобалар департаментінің жобалық менеджері және Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын белсенді дамытуда. Ол KazAID құрылуының бастауында тұрғандардың қатарында болды! 

Жоба менеджері ретінде Айнұр KazAID-тің негізгі бастамаларына жетекшілік етеді.

Олардың ішінде:

✅ "Достық: цифрландыру" жобасы

✅ БҰҰ, ЭЫДҰ құрылымдарымен, халықаралық қаржы институттарымен, TIKA, TICA, Indonesian Aid агенттіктерімен және басқа да lаму ұйымдарымен өзара іс-қимыл.

Осы жылдар ішінде Айнұр АҚШ, Швейцария, Франция, Түркия, Румыния, Чехия, Израиль және Жапонияда көптеген халықаралық курстар мен тренингтерден өтті.

Тілге келетін болсақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдері еркін, сонымен қатар испан және француз тілдері – А2 деңгейде.

Айнұр KazAID-тің дамуына үлкен үлес қосуда және біз осындай білікті кадрлардың бізде жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз! 

 

 

Айнұр өмірде келесі дәйексөзді басшылыққа алады:

"Біз үлкен істер жасай алмаймыз - тек үлкен сүйіспеншілікпен кішкентай нәрселер" - Тереза Ана.