KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады

KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады

KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады

2025 жылғы 27 наурыз,  Астана - KazAID кеңсесінде Кавказ бен Орталық Азиядағы шегірткеге қарсы күрес бағдарламасы бойынша өңірлік миссия шеңберінде келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшыларымен кездесу өтті.

Талқылау барысында өзекті сын-қатерлер, шегірткеге қарсы күрестің басым қажеттіліктері, сондай-ақ хабардарлықты арттыру және серіктестіктерді кеңейту мәселелері қозғалды.

KazAID азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған өңірлік бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын.

Кездесу ФАО-ның Қазақстаннан, Римнен және өңірлік кеңседен келген жетекші мамандарының қатысуымен өтті.