KazAID және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы меморандумға қол қойды
2024 жылғы 10 желтоқсан, Астана қ. «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма Төрағасы А.Арыстанов пен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Б.Арын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты дамуды қолдау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қойылған Меморандум аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыруды және ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде тәжірибе мен білім алмасу, тұрақты ауыл шаруашылығы, аштықпен күрес және дамушы елдердің әлеуетін нығайту саласындағы инновациялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады.
Анықтама: Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу және 57 мүше мемлекет арасында тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған мамандандырылған мекемесі. Ұйымның бас кеңсесі Қазақстанның Астана қаласында орналасқан. АҚИҰ -ның негізгі миссиясы – ИЫҰ мүше елдеріне аштықпен және азық-түлік дағдарыстарының салдарларымен күресуге қолдау көрсету. Ұйым өз қызметінде төтенше жағдайларға жедел жауап беру үшін азық-түлік қорының резервін құру, ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологияларды енгізу және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ұлттық институттардың әлеуетін арттыру сияқты бағыттарға басымдық береді.