Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азияның Ренессансы: орнықты даму мен өркендеу жолында" атты мақала жазды
Ұлы әл-Фарабидің «Халықтар бақытқа жету үшін бір-біріне көмектесе білсе, бүкіл жер беті ізгілікке толады» деген сөзі бар деп Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазахстан" газетіне арналған мақаласында ДРК маңыздылығын атап өтті.
Дамудың жаңа кезеңінде біздің алдымызда осы өңірдің және оны мекен еткен халықтардың тағдырын айқындайтын бірқатар маңызды мақсат-міндет тұр.
Бірінші. Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар іргелес жатқан аймақтарда да бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – ұзақ мерзімге арналған өркендеу мен дамудың маңызды алғышарты.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттың бірі – тепе-теңдікті сақтауға ұмтылу. Біз әрдайым «Бейбітшілік бәрінен қымбат» деген қағиданы ұстанамыз. Қазақстан әлем қоғамдастығының жауапты мүшесі ретінде халықаралық құқық қағидаттарын қатаң сақтау, егемендікті құрметтеу және шекараның тұтастығына қол сұқпау қажет деп санайды.
Қазақстанның бұл пайымымен келісетін елдер аз емес деп сеніммен айта аламын. Көптеген елдің ұстанымдары бір-біріне ұқсайды. Оның бәрі әділ әрі болжауға болатын әлемдік тәртіп орнатуға негізделген. Бұл ұстаным қазіргі беймаза заманда болашақ туралы сындарлы көзқарас қалыптастыруға жол ашады,» - деп мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазахстан" газетіне арналған мақаласында атап өтті.
Мақаланың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://egemen.kz/article/369879-ortalyq-aziya-renessansy-ornyqty-damu-dgane-orkendeu-dgoly