KazAID пен ҚБТУ арасындағы ынтымақтастық перспективалары

KazAID пен ҚБТУ арасындағы ынтымақтастық перспективалары

KazAID пен ҚБТУ арасындағы ынтымақтастық перспективалары

 

2024 жылы 16 сәуірде ҚБТУ-ға "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Арыстанов А.К және ҚР Банк омбудсмені Нұрпейісов Д.К ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Арыстанов А.К KazAID қызметі туралы, цифрландыру саласындағы тәжірибе мен жетістіктермен алмасу арқылы өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. KazAID және ҚБТУ әріптестігінің негізгі бағыттарының бірі агенттіктің өңір жастарының сапалы білім алуға қолжетімділігін жақсартуға бағытталған бағдарламалары шеңберінде Орталық Азия мен Моңғолияның мемлекеттік қызметшілері үшін қысқа мерзімді курстарды әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Банк омбудсмені Нұрпейісов Д.К деректер мен сұраныстардың үлкен көлемін басқару тиімділігін арттыру мақсатында қаржы процестерін автоматтандыру саласындағы жобалармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін білдірді. Автоматтандырылған жүйелер шағымдар мен мәселелерді қарау уақытын қысқарта отырып, клиенттер мен банктердің өтініштеріне тезірек жауап беруге мүмкіндік береді.

Екі тараптың серіктестіктің табысты дамуына және оның Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан елеулі үлесіне сенім білдірді.