
2026 жылғы 2 қазанда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Нұрғали Арыстанов Агенттіктің қызметі мен Орталық Азия мен Ауғанстандағы серіктес елдерді дамытуға бағытталған жобалары туралы, сондай-ақ KazAID, БҰҰДБ және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі арасында қол қойылған Ниет туралы мәлімдеме шеңберінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға мүдделілік танытты.
Өз кезегінде Катаржина Вавьерниа ханым басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.