Қазақстан Түркияда салған мектеп оқушыларға есігін ашты

Қазақстан Түркияда салған мектеп оқушыларға есігін ашты

2026 жылғы 14 қыркүйекте Газиантеп провинциясының Нұрдағы ауданында Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп алғаш рет оқушыларды қабылдады.

Мектеп Түркиядағы жойқын жер сілкіністерінен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен салынды. Бұл жоба Қазақстанның зардап шеккен аймақты қалпына келтіруге қосқан үлесі және Қазақстан мен Түркия бауырлас халықтарының ынтымақтастығының нышаны болды.

Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов, Газиантеп провинциясы губернаторының орынбасары Якуп Кылынчоглу, жергілікті жұртшылық өкілдері, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Сапар шеңберінде Нұрғали Арыстанов Якуп Кылынчоглумен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары мен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

 

Анықтама үшін: мектеп 960 орынға арналған, оның ішінде 32 бастауыш сынып және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Бұл білім беру мекемесінде қазірдің өзінде 50 педагог жұмыс істейді. Оқушыларды сапалы оқыту және жан-жақты дамыту үшін қажетті заманауи инфрақұрылым құрылып, жайлы жағдайлар қамтамасыз етілген.