
2026 жылғы 11 қыркүйекте KazAID Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Асанов Халықаралық миграция ұйымының (ХМҰ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Серхан Актопракпен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар ұйымдар арасында 2025 жылғы қыркүйекте қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.