
2026 жылғы 18 тамызда KazAID Басқарма төрағасы Н. Арыстановтың Түркияның Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің (TİKA) Қазақстандағы үйлестірушісі Ф.Эрдогмушпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар KazAID пен TİKA арасындағы ағымдағы өзара іс-қимыл және одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Серіктестік қатынастарды нығайтуға және бірлескен қызметті одан әрі үйлестіруге ерекше назар аударылды.