2026 жылғы 12 тамызда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов ынтымақтастықтың одан әрі даму перспективаларын талқылау мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Өнімдерді жылжыту департаментінің директоры Дина Кхерамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «ҰАТ» АҚ электрондық үкімет саласындағы отандық әзірлемелер туралы ақпарат ұсынды. Тараптар мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға жәрдемдесу үшін қазақстандық IT-шешімдер мен тәжірибені серіктес елдерге беру мүмкіндіктерін талқылады.