KazAID пен «On My Way» үкіметтік емес ұйымы ОДМ саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

KazAID пен «On My Way» үкіметтік емес ұйымы ОДМ саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2026 жылғы 4 тамызда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы Н. Арыстанов «On My Way» үкіметтік емес ұйымының атқарушы әрі негізін қалаушысы В.Мандонаумен кездесті.

Кездесу барысында Н. Арыстанов БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) сәйкес серіктес елдердің дамуына ықпал етуге бағытталған Агенттігі жүзеге асырып жатқан жобалар туралы айтып берді.

Тараптар ОДМ-ға қол жеткізу жолындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылап, осы саладағы өзара қызығушылықтарын растады.