2026 жылғы 30 шілдеде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Н. Арыстанов Халықаралық миграция ұйымының (ХМҰ) Қазақстандағы Миссиясының басшысы және Орталық Азия бойынша координаторы Серхан Актопракпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар миграция бойынша өзекті мәселелерді, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты, сондай-ақ KazAID пен ХМҰ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Бұдан бөлек, миграцияны басқаруды жетілдіруге, әлеуетті арттыруға және өңірлік дамуға бағытталған перспективті бірлескен бастамалар бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және әріптестікті дамытуға дайын екендіктерін білдірді.