Астана, 2026 жылғы 1 шілде - KazAID кеңсесінде Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жандос Асановтың «Райан» қоғамдық қорының Sister School Project жобасының үйлестірушілері Гүлмира Әміровамен және Салтанат Садықовамен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында қор өкілдері мектептер арасындағы тұрақты ынтымақтастықты дамытуға, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оқушылардың STEM/AI, зерттеу және робототехникалық жобаларын іске қосуға бағытталған Sister School Project халықаралық бастамасын таныстырды. Өз кезегінде, KazAID басшылығы әріптестерін Агенттіктің дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы ағымдағы қызметі туралы ақпараттандырды.
Тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.