
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық үкіметтік делегация Кабулға келді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі жүйелі саясат аясында жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жеткізіліп, халыққа көмек көрсету үшін білікті дәрігерлер тобы орналастырылды.
Үйлестіру және институционалдық қолдау Гуманитарлық шараны KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды. Жүкті жасақтау және оны жеткізу жұмыстары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерімен тығыз ведомствоаралық іс-қимыл негізінде іске асырылды.
Екі кезеңді логистика және жүктің құрамы Жеткізу жұмыстардың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін миссия екі кезеңге бөлінді:
Миссия аясында барлығы 300 тонна қант, 100 шатыр, заттай мүлік, сондай-ақ 1,867 тонна дәрі-дәрмек пен шығыс материалдары берілді.
Медициналық көмек және өңірлік іс-қимыл Ауғанстанға Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарынан 10 маман (педиатрлар, хирургтар, гастроэнтерологтар, травматологтар) келді. Қазақстандық медицина күндері аясында олар бір апта бойы халыққа практикалық көмек көрсетіп, ауған әріптестеріне шеберлік сыныптарын өткізеді. Қазақстан Ауғанстанды Оңтүстік және Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес деп санайды.
Халықаралық үйлестіру платформасы Алматыдағы Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы болмақ. Оны құру туралы Заңға Қазақстан Президенті 2026 жылғы 17 маусымда қол қойды.
Анықтама: