«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды - 1 бірлік.
«KazAID» КЕАҚ заңгер лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім дипломы болуы;
- Кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде талап-арыз жұмыстарын жүргізумен және мемлекеттік сатып алуларды құқықтық сүйемелдеумен байланысты практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын (атап айтқанда, ҚР Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді) терең білуі;
- Процестік құжаттарды (талап-қою арыздарын, наразылықтарды, пікірлерді, шағымдарды) жасау, сот органдарында ұйымның мүдделерін білдіру, сондай-ақ ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларының болуы;
- Шарттар мен келісімдерге құқықтық сараптама жүргізу кезінде жоғары талдау дағдылары, орындаушылық тәртібі және егжей-тегжейге назар аудару қабілеті болуы;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі.
Кандидаттардан түйіндемелерді қабылдаудың соңғы мерзімі: - 01.07.2026 ж.
Түйіндемені мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: - office@kazaid.kz