
Астана, 2026 жылғы 17 маусым, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (Азиякеңес - АӨСШК) хатшылығында Азиякеңес хатшылығының құрылғанына 20 жыл толуына орай Азиядағы аймақтық ұйымдардың атқарушы құрылымдарының дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, 2006-2008 жж Азиякеңес хатшылығының тұңғыш атқарушы директоры болған Жандос Асанов қатысты.
Өз сөзінде Ж. Асанов Азиякеңес платформасының жалпыазиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін қажет екенін және Азиякеңес сенім шараларының пәрменді екенін айтып өтті.
Ж.Асанов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысына тоқтала келе, су дағдарысын еңсеру үшін ғылыми-технологиялық потенциалды арттыру ісіне халықаралық және аймақтық ұйымдардың жіті көңіл бөлуін өтінді.