Астана, 2026 жылғы 10 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің кеңсесінде агенттік басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асановтың Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен жұмыс кездесуі өтті.
Иран Елшісі жақында 16 мамырда иран тарапына жеткізілген қазақстандық мейірім жәрдемі үшін ризашылық білдіріп, рахметін айтты.
Ж. Асанов әңгіме болып отырған қайырым миссиясының ел Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асқанын айтып, Қазақстан мен Иран арасында талай ғасыр жалғасып келе жатқан жақын да туыстық қатынастарды атап өтті.
Әңгіме барысында екі жақ суды үнемді пайдалану және экономика мен әл-ауқатты көтеруге септігін тигізетін ғылыми-техникалық потенциалды көтеру мәселелеріне баса көңіл бөле отырып, екіжақты әрекеттестік мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғады.
Кездесу соңында тараптар жұмыс бабында өзара байланысып тұруға уағдаласты.