
Астана, 2026 жылғы 3-4 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлесіп, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері үшін «Стратегиялық жоспарлау, жобаларды әзірлеу, серіктестік, мониторинг және бағалау (M&E) және нәтижелер» тақырыбында екі күндік семинар өткізді.
Бұл іс-шара Қазақстанда ресми дамуға көмек жүйесін дамыту жөніндегі ЭЫДҰ мен KazAID-тің Жол картасын іске асыру шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаттары дамуға ресми көмек (ДРК) бағдарламаларының тиімділігін стратегиялық жоспарлау, қаржыландыру, серіктестіктер құру және бағалау мақсатында мемлекеттік органдардың әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Құттықтау сөз сөйлеген KazAID басқарма төрағасының м.а. Ж. Асанов заманауи мониторинг және бағалау құралдарын енгізу, сондай-ақ ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес ДРК саласындағы ашық әрі шынайы есептілік — халықаралық серіктестер тарапынан сенімнің кепілі және ЭЫДҰ Дамуға көмек комитетімен (ДКК) өзара іс-қимылды тереңдету жолындағы маңызды кезең екенін атап өтті.
Семинар барысында жаһандық өзара іс-қимыл тобының жетекшісі Р. Шварц бастаған ЭЫДҰ сарапшылары, сондай-ақ дәстүрлі донор елдердің өкілдері ұйым критерийлерін ұлттық ДРК жүйесі саласындағы жоспарлау және қаржыландыру процестеріне одан әрі интеграциялау үшін озық тәжірибелерді таныстырды. Екіжақты және үшжақты ынтымақтастық тетіктеріне, озық тәжірибе мен білім алмасуға, жеке секторды ДРК жобаларына тартуға, сондай-ақ нәтижеге бағытталған басқаруды енгізуге ерекше назар аударылды.
Анықтамалық ақпарат:
ҚР-дың РДК саласындағы жаһандық диалог пен үйлестіруге қатысуының маңыздылығын ескере отырып, ЭЫДҰ Дамуға көмек комитетімен (ДКК) ынтымақтастықты тереңдету мәселесі ұлттық ДРК жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан 2014 жылдан бастап ЭЫДҰ-ға көрсетілген ресми дамуға көмек туралы агрегацияланған есептерді ұсынып келеді. 2015 жылы Қазақстанға ЭЫДҰ ДКК-де ресми «Шақырылған қонақ» мәртебесі берілді.
БАҚ үшін байланыстар:
Айгерим Копишева