Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Әнұран - егемендігіміздің, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлеріміз бен халқымыздың жасампаз энергиясының көрінісі. Елтаңбамыздағы шаңырақ ортақ үйімізді және бейбітшілікке деген ұмтылысымызды сипаттаса, Әнұран жүрегімізді ел жетістіктері үшін мақтанышқа бөлейді, ал көгілдір Туымызды бүкіл әлем ашықтық пен халықаралық ынтымақтастыққа дайындықтың белгісі ретінде таниды және құрметтейді.

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ұжымы баршаңызға бейбітшілік, жақсылық пен бақ-береке тілейді! Әнұранымыз асқақтап, Туымыз халықаралық аренада биіктен желбірей берсін, бұл біздің Бірлігіміздің, Бостандығымыз бен Тәуелсіздігіміздің басты кепілі!