Астана, 2026 жылғы 1 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі басқарма төрағасының м.а. Ж. Асановтың БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Қазақстандағы Бағдарламалық кеңсесінің басшысы М. Сариевамен кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында KazAID-тің басым географиялық және секторлық бағыттары, басқа да даму агенттіктерімен бірлескен бағдарламалары мен іс-шаралары туралы ақпарат ұсынылды. БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері ұйымның Орталық Азия мен Қазақстандағы қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ KazAID және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының арасында пенитенциарлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында іске асырылған бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.
Орталық Азиядағы дамуға ресми көмектің (ДРК) жалғыз операторы бола отырып, KazAID серіктес елдерде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесуге өзінің бейілділігін білдіреді.