Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, Иран Ислам Республикасына темір жол арқылы тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер тиелген 30 вагон гуманитарлық жүк жөнелтті.

Гуманитарлық жүк Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына беріледі.

Қазақстан халқынан достас Иран халқына берілетін гуманитарлық көмек - жақын көршілік қарым-қатынастарды нығайту және өзара қолдауды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі.