
Ү.ж. 22–24 сәуір аралығында Алматы облысының Есік қ. «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен ШЖҚ «Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» КМК ұйымдастырған Орталық Азиядан келген медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы өткізілді.
Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасынан келген 12 қатысушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) жөніндегі демонстрациялық платформасы бойынша оқытудан өтті.
Бағдарлама аясында Орталық Азия елдерінің медициналық қызметкерлері осы бағыттағы теориялық білімдерін кеңейтіп қана қоймай, демонстрациялар мен мастер-класстар арқылы практикалық дағдыларды да меңгерді. Әр-түрлі нысандарға, соның ішінде Есік қ. «Үздік тәжірибелер орталығына» экскурсиялар ұйымдастырылды. Қатысушыларға қалалық және ауылдық АМСК модельдерін салыстыруға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, олар DAMUMED сияқты IT шешімдермен таныса алды.
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Қазақстандағы Орталық Азиядан келген медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы АМСК саласындағы қазақстандық тәжірибемен бөлісу және өңірлік мамандар арасында байланыс орнату алаңына айналды.