
2026 жылдың 23 сәуірінде KazAID Басқарма төрағасы А. Арыстанов Өңірлік экологиялық саммит бойынша Астана қаласына сапар шеңберінде келген Білім саласындағы жаһандық серіктестік (Global Partnership for Education-GPE) ұйымының өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Т. Петерсен ханыммен кездесті.
Кездесу барысында GPE өкілдері ұйымның білім беру, мектепке дейінгі білім беру саласындағы бағдарламалары, дағдарыс жағдайында білім алу мәселелері және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру мәселелері туралы ақпарат ұсынды.
Қазақстандық тарап серіктес елдерде бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастыққа және сындарлы диалогты дамытуға дайын екендігін білдірді.
Анықтама:
Қазақстанның Халықаралық даму агенттігі «KazAID»– 2020 жылы Қазақстан Үкіметі құрған ресми даму көмегін (ДРК) жүзеге асыратын агенттік. Агенттіктің миссиясы – даму ресми көмегі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсімді ілгерілету, Қазақстандағы әртүрлі салалардағы жетістіктерді көрсету және әртүрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе алмасу мен байланыс орнатуды жеңілдету.
Білім саласындағы жаһандық серіктестік (Global Partnership for Education – GPE) 2002 жылы Вашингтонда Дүниежүзілік банктің қолдауымен құрылған ұйым. GPE миссиясы табысы төмен елдерде жаһандық білім беруді нығайту және білім сапасын жақсартуға бағытталған.
Бағдарлама Орталық Азияда (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан), посткеңестік кеңістіктің басқа елдерінде (Грузия, Украина және Молдова), Моңғолия, Африка, Оңтүстік–Шығыс Азия және Латын Америка елдерінде жұмыс істейді. GPE-дің бірегей тәсілі табысы төмен әріптес елдерде жүздеген миллион жас қыздар мен ұлдардың оқуын жақсартуда айтарлықтай прогреске қол жеткізуге көмектескен.
БАҚ үшін байланыс: a.kopisheva@kazaid.kz.