KazAID және Қырғызстан Даму саясаты институты Орталық Азиядағы бірлескен жобалар жөнінде келісімге қол жеткізді

KazAID және Қырғызстан Даму саясаты институты Орталық Азиядағы бірлескен жобалар жөнінде келісімге қол жеткізді

1 сәіур Қазақстан Республикасы Халықаралық даму агенттігі «KazAID» Қырғызстан Даму саясаты институтының (ДСИ) делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыру және өңірлік маңызы бар нақты бірлескен жобаларды әзірлеуге кірісу туралы уағдаласты.

KazAID тарапынан кездесуге Басқарма Төрағасы Ә. Әрыстанов басшылық етті. Қырғызстан делегациясын ДСИ төрағасы Надежда Добрецова, ДСИ координаторы Ұлара Нарусбаева және Өзбекстандағы ДСИ өкілі Малика Инакова ұсынды.

Келіссөздер барысында жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы үздік тәжірибелерді беру үшін тұрақты механизмдер қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Тараптар Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.

ДСИ 15 жыл бойы Қырғызстан мен Орталық Азия мемлекеттік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестерге методологиялық қолдау көрсетіп келеді. KazAID өз кезегінде Қазақстанның ресми даму көмегі саясатын жүзеге асырады - серіктес елдерге цифровизация, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларындағы тәжірибені беру арқылы.

Анықтамалық мәліметтер

Қазақстан Республикасы Халықаралық даму агенттігі «KazAID»  - 2020 жылы құрылған ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы мемлекеттік мекеме. Агенттіктің миссиясы - Қазақстанның тәжірибесі мен сараптамасын беру арқылы серіктес елдердің тұрақты дамуына жәрдемдесу.

Қырғызстан Даму саясаты институты (ДСИ) - 2009 жылы құрылған жетекші аналитикалық коммерциялық емес ұйым. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, кадрларды даярлау және жергілікті қауымдастықтар мен басқару органдарының мүддесі үшін сараптамалық-аналитикалық қызметке маманданған.

БАҚ үшін байланыс: a.kopisheva@kazaid.kz