KazAID, Ұлттық статистика бюросы және TIKA: Алматыдағы семинарға арналған мобильді байланыс деректерін пайдалану бойынша жұмыс кездесуі

KazAID, Ұлттық статистика бюросы және TIKA: Алматыдағы семинарға арналған мобильді байланыс деректерін пайдалану бойынша жұмыс кездесуі

2026 жылдың 30 наурызында KazAID Басқарма Төрағасы Ә.Әарыстановтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы мобильді байланыс операторларының деректерін статистикалық мақсатта пайдалану жобасын жүзеге асыру болды. Тараптар биылғы жылдың маусым айында Алматы қаласындағы UN Plaza-да жоспарланған үш күндік өңірлік семинардың ұйымдастыру және қаржы параметрлерін талқылады. Осы іс-шараны өткізу Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік орталығын ілгерілетуге ықпал етеді, ол Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың бастамасымен құрылған.

Кездесу барысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және даму мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы жетістіктер ерекше атап өтілді. Атап айтқанда, өткен жылы Орталық Азия елдері үшін деректерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар сәтті ұйымдастырылды.

Кездесудің соңында тараптар бірлескен семинарды сәтті өткізу мақсатында үйлестірудің және идеялар алмасудың тұрақты механизімін құру туралы келісті.

БАҚ үшін байланыс:

a.kopisheva@kazad.kz