
2026 жылғы 20 наурызда онлайн форматта «Қазақстанның халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық саласындағы рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті Қазақстанның халықаралық даму саласындағы уәкілетті ұйымы – KazAID өкілдері жүргізді.
Іс-шара барысында ресми даму көмегі (РДК) жүйесінің негізгі қағидаттары, Қазақстанның донор ел ретіндегі рөлі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары таныстырылды.
Сонымен қатар, KazAID қызметінің негізгі бағыттары, іске асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері қарастырылды.
Дәріске Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен су ресурстары саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар халықаралық даму саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, одан әрі ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарастырды.
БАҚ үшін байланыс:
a.kopisheva@kazaid.kz