KazAID Kazakhstan Cooperation Programme аясында жасанды интеллект бойынша халықаралық вебинар өткізді

KazAID Kazakhstan Cooperation Programme аясында жасанды интеллект бойынша халықаралық вебинар өткізді

2026 жылғы 18 наурызда «KazAID» КЕАҚ Kazakhstan Cooperation Programme (KCP) бағдарламасы аясында «AI иллюзиясыз: түрлері және нақты қолдану кейстері» атты сараптамалық вебинар өткізді.

Вебинар халықаралық аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, Орталық Азия елдері мен басқа да мемлекеттерден қатысушыларды біріктірді. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан, сондай-ақ басқа елдердің өкілдері қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі Қырғызстаннан (57,1%) және Қазақстаннан (28,6%) болды, бұл өңірде AI технологияларына қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Вебинар барысында жасанды интеллекттің негізгі құралдары — мәтінді қысқарту, аналитика және контент генерациясы, сондай-ақ кеңейтілген шешімдер — RAG-жүйелер, AI-агенттер және мультиагентті модельдер қарастырылды. Сонымен қатар AI енгізудің экономикалық аспектілері мен мемлекеттік және корпоративтік сектордағы нақты кейстерге ерекше назар аударылды.

Негізгі спикер — Computer Science саласы бойынша PhD дәрежесінің иегері, Ramaа венчурлік студиясының негізін қалаушы және CEO-сы Есет Жүсіпов — AI технологияларын енгізудің практикалық тәсілдерімен бөлісті.

Вебинар барысында қатысушылар сұрақ-жауап сессиясына белсенді қатысып, AI шешімдерін өз қызметінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Аталған вебинар цифрлық технологиялар саласындағы білім алмасу мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. «KazAID» алдағы уақытта да Kazakhstan Cooperation Programme аясында тәжірибе алмасуды жалғастырады.

 

БАҚ үшін байланыс:
a.kopisheva@kazaid.kz