KazAID пен JICA өңірлік ынтымақтастықты дамытуды талқылады

KazAID пен JICA өңірлік ынтымақтастықты дамытуды талқылады

2026 жылдың 2 наурызында KazAID Басқарма төрағасы А.Арыстанов Тәжікстандағы Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілі Имаи Сэйджи мырзамен кездесті.

Тараптар Орталық Азиядағы ДРК саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мақсатында әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Әлеуетті дамыту бағдарламаларына, тәжірибе алмасу және мамандар даярлауға баса назар аударылды.

Кездесу барысында қос тарап ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, білім беру және институционалдық жобаларды дамытуға және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары бойынша бірлесе жұмыс жасауға мүдделі екенін білдірді.