KazAID Орталық Азия елшіліктері үшін ДРК саласындағы бағдарламалар бойынша брифинг өткізді

KazAID Орталық Азия елшіліктері үшін ДРК саласындағы бағдарламалар бойынша брифинг өткізді

26 ақпан 2026 жыл, Астана – «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы елшіліктерінің өкілдеріне арналған ағымдағы жылға арналған дамуға ресми көмек (ДРК) бағдарламалары бойынша брифинг ұйымдастырды.

Кездесу барысында «KazAID» Басқарма төрағасы А. Арыстанов өңіріміздегі орнықты ілгерілеу практикалық ынтымақтастық, тәжірибе мен білім алмасу, сондай-ақ елдеріміз арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту арқылы мүмкін екенін атап өтті. Қатысушыларға алдағы жылға жоспарланған нақты жобалар туралы ақпарат ұсынылып, сондай-ақ өткен кезеңдегі іс-шаралардың қорытындыларымен бөлісті. Атап айтқанда, «Достық: Цифрландыру» және «Достық: Дипломатия» бағдарламаларының, сондай-ақ «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағытының екі құрамдас бөлігі бойынша іске асыру нәтижелері атап өтілді.

Брифинг Орталық Азия елдерінің дипломатиялық миссиялары өкілдері арасында пікір алмасу және кері байланыс алу үшін тиімді алаңға айналды.