KazAID пен БҰҰ арасында ТДМ бойынша ынтымақтастық

KazAID пен БҰҰ арасында ТДМ бойынша ынтымақтастық

KazAID пен БҰҰ арасында ТДМ бойынша ынтымақтастық

2026 жылы 10 ақпанда KazAID Басқарма Төрағасы А.Арыстанов Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Сарангоо Раднарагчаа ханыммен Астана қаласындағы БҰҰ Үйінде кездесті.

Сыпайылық кездесу аясында қос тарап әріптес елдердегі тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін ынтымақтастық мәселелерінталқылады. Диалог барысында ТДМ саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға және халықаралық тәжірибе мен білім алмасуға ерекше назар аударылды. Мұндай іс-қимыл құралдарының бірі БҰҰ-ның халықаралық және ұлттық сарапшыларын KazAID бағдарламаларына тарту болуы мүмкін.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты даму мақсаттары бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін білдірді.