KazAID және JICA денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық әлеуеті

KazAID және JICA денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық әлеуеті

KazAID және JICA денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық әлеуеті

2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің медицина мамандарының, соның ішінде JICA-ның асқазан обырының ерте кезеңін эндоскопиялық диагностикалау және емдеу бағдарламасы түлектерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының, сондай-ақ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы оқу эндоскопиялық орталықтың қызметі таныстырылды.

2026 жылға жоспарланған эндоскопистерге арналған халықаралық семинарды өткізу мәселелері талқыланды. Аталған іс-шара Орталық Азия елдерінің мамандары арасында тәжірибе алмасуды күшейтуге және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталмақ.

Сонымен қатар асқазан обырының ерте диагностикасы мен емдеу саласындағы жапондық және қазақстандық тәжірибе бөлісу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар медициналық құзыреттерді дамытуға, өңір елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін нығайтуға және эндоскопиялық диагностика мен емдеудің заманауи әдістерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.